жобалар

Фото: Айнұр Салимбаева/ Қазақстандағы БҰҰДБ

ШГБ Қазақстанның ең осал аймақтарындағы жергілікті қауымдастықтарға және қоғамдық үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) техникалық, консультативтік және қаржылық қолдау көрсетеді.

ШГБ алтыншы кезеңін іске асыру шеңберінде 1 537 297 АҚШ долларына 49 жоба қаржыландырылды.

ШГБ жетінші кезеңі (2022-2026 жж.) Қазақстанның далалық және шөлді экожүйелерінің жеті басым ландшафттық аймағын қамтиды. Жетінші кезеңдегі ШГБ жұмысының негізгі бағыттары климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту және жердің тозуын азайту болып табылады.

ШГБ 15 000 га бұзылған жерді қалпына келтіру, 10 000 га аумақта ресурстарды пайдалану тәжірибесін жақсарту және 5 064 тонна СО2 шығарындыларын азайту сияқты негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал етеді.