Сертификаттарды тапсыру рәсімі мен грант иегерлері үшін тренинг

23-24 қазанда Қазақстандағы ЖЭҚ/БҰҰДБ Шағын гранттар бағдарламасы өзінің стратегиялық серіктесі «Decenta» Қоғамдық қорымен бірлесіп, жетінші операциялық кезең аясында ресми сертификаттарды тапсыру рәсімін және грант иегерлері үшін екі күндік тренинг өткізді.


Қазақстанның он аймағынан жиырма екі ҮЕҰ ЖЭҚ/БҰҰДБ Шағын гранттар бағдарламасының гранттарын жеңіп алғаны туралы сертификаттармен марапатталды. Таңдалған жобалар жаңартылатын энергияны дамыту, табиғи ресурстарды тұрақты басқару, топырақты сақтау және қалпына келтіру әдістері, жайылымдарды тұрақты басқару әдістері және жергілікті қоғамдастықтардың экологиялық хабардарлығын арттыру бойынша бастамаларды қамтиды.


“Қоршаған ортаны қорғау – бұл мемлекеттің, азаматтық қоғамның және әрбір азаматтың күш-жігерін қажет ететін ортақ іс. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз экономикалық даму табиғат туралы қамқорлықпен қатар жүретін Қазақстан үшін орнықты болашақты қамтамасыз ете аламыз”, – деп атап өтті ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттың өзгеруіне бейімделу департаментінің басшысы Шаттық Тастемірова.


Грант алушылар үшін стратегиялық жоспарлау, жобаларды мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ бөлінген қаражатты пайдаланудағы ашықтық пен тиімділікке, сондай-ақ гендерлік теңдік бойынша сессиялар өтті.

Басқа