ШГБ үздік тәжірибесін ілгерілету, тарату және қайталау жөніндегі стратегиялық жоба аясында 2024 жылдың 10 қыркүйегінде «Десента» қоғамдық қоры Көкшетау қаласында көпжақты консультативтік топты құру және қолдау жөніндегі бірінші кездесуді ұйымдастырды. Кездесуге қазіргі грант алушылар, конкурсқа қатысушылар, Кәсіпкерлер палатасының, коммерциялық емес сектордың өкілдері, облыстық мәслихаттың депутаты, сондай-ақ ЖЭҚ ШГБ ұлттық үйлестірушісі қатысты.
Кездесу барысында жердің тозуын азайту және климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту саласындағы тұрақты тәжірибелер мен технологияларды тарату бойынша іріктелген жобалар ұсынылып, жоспарлар әзірленді. Сондай-ақ мұндай тәсілдер үшін мүмкін болатын қаржылық және басқа да қолдау шаралары талқыланады.
Осындай кездесулер Қазақстандағы Жаһандық экологиялық қордың шағын гранттар бағдарламасының жетінші операциялық кезеңінің барлық мақсатты бағыттарында өтеді.